Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің 2026 жылғы І тоқсан бойынша есебі

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 15.04.2026 204 0 пікір
ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің 2026 жылғы І тоқсан бойынша есебі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни сараптама бөлімі 2026 жылдың алғашқы тоқсаны  бойынша бірқатар жүйелі жұмыстар атқарды.

2026 жылдың сәуір айына дейін бөлімге діни әдебиеттерге қатысты жалпы саны 85 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 70 өтініш жергілікті азаматтардан, ал 15 өтініш шетелде білім алып жатқан Қазақстан азаматтарынан қабылданды.

Сондай-ақ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасына сәйкес, Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы ағымдағы жылдың 13 сәуірінде өңірлердегі жауапты мамандардан онлайн форматта тоқсандық есеп қабылдады.

Сараптама нәтижесі бойынша қаралған 85 өтініштің 74-іне қатысты төмендегідей қорытынды шығарылды:
– 53 кітапқа оң қорытынды берілді;
– 2 кітапқа теріс қорытынды берілді;
– 4 кітаптың діни сараптауды қажет етпейтіні анықталды;
– 15 өтініш бойынша шетелден әкелінген діни әдебиеттерге оң қорытынды берілді.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ға қарасты мешіт жанындағы 122 діни дүкен өңірлердегі жауапты мамандардың қатысуымен тексерістен өткізілді.

Қазақстан аумағында 328 намазхана, 59 түзеу мекемесі, 9 медресе, 22 қарилар даярлау орталығы және мешіттердегі кітап сөрелері тексерілді. Тексеру нәтижесінде теріс ағымды насихаттайтын діни әдебиеттер анықталған жоқ.

Бөлімнің өңірлердегі жауапты мамандары бекітілген жоспарға сәйкес ай сайын келесі бағыттар бойынша тұрақты тексеріс жүргізіп келеді:
– мешіт жанындағы діни дүкендер;
– мешіт сөрелеріндегі кітаптар;
– намазханалардағы кітаптар;
– медресе кітапханалары;
– түзеу мекемелеріндегі діни әдебиеттер;
– сауат ашу курстарындағы оқу құралдары;
– қариларды даярлау орталықтарындағы кітаптар.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру