Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Жастар ісі секторы 100 студентке ауызашар ұйымдастырды

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 16.03.2026 627 0 пікір
ҚМДБ Жастар ісі секторы 100 студентке ауызашар ұйымдастырды

Қасиетті Рамазан айына орай ҚМДБ Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 100 студентіне арнап ауызашар дастарханы жайылды.

Рухани басқосуға ҚМДБ атынан Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Қайырбеков, «Халал Даму» орталығының директоры Айбек Аташев, ҚМДБ Жастар ісі секторының жетекшісі Бағыжан Күзекбай, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

Іс-шара барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемі жеткізіліп, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті мен берекесі туралы насихат айтылды. Сонымен қатар студенттерге «Дін мен дәстүр» тақырыбында танымдық викториналық ойындар ұйымдастырылып, белсенділік танытқан жастарға ҚМДБ атынан арнайы сыйлықтар табысталды.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру