Республика күнін Қостанай облысы ерекше атап өтті. Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен футболдан ұйымдастырылды. Спорттық шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасындағы достық пен бауырластықты нығайту.
Сонымен қатар «Жайлаубай ата» мешітінде облыстық Құран жарысы ұйымдастырылды. Аталған сайысқа қари, ұстаз Садуақас Сағындықұлы арнайы келіп, бас төрешілік етті. Ал Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, футбол сайысының жүлдегерлері марапатталды. Ал облыстық Құран жарысының жеңімпаздарына арнайы грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
26.10.2026
388
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру