Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы басталды.
Конференция жұмысына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш, Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шейхул-Ислам Аллашүкір Паша-Заде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, шейх Нуриддин Холикназар, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары Мирвохид Азимов, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері, дін ғалымдары, имамдар және БАҚ өкілдері қатысуда.
Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның мақсаты – Орта Азия, қала берді күллі түркі әлеміне танылған, түркі жұртының рухани құбыласы саналған Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеп-зерделеу, осы конференция аясында отандық және шетелдік ғалымдардың ізденістерін бір арнаға тоғыстыру, сондай-ақ тұлғаның даналық хикметтері мен өсиеттерін халықаралық деңгейде дәріптеу, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, жас буынды елдік санаға баулу, ұлы баба өнегесімен шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу, т.б.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру