Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ЖАНЫНАН ӘДЕП КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 15.01.2021 1630 0 пікір
ҚМДБ ЖАНЫНАН ӘДЕП КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ (ФОТО)

Бұл туралы елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

«Әр мекеменің өзіндік Әдеп кеңесі болады. Әр қызметкер әдеп этикасын сақтай отырып, жұмыс істейді. Мен осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Әдеп кеңесін құру туралы шешім қабылдадым. Кеңестің хатшысы етіп Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбековты тағайындадым. Кеңес мүшелері әр тоқсан сайын бас қосып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша маған нақты ұсыныс жолдайды. Кеңесті құрудағы мақсат – дін қызметкерінің жұмысына серпін беру» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Төралқада кеңес хатшысы Смайыл Сейітбеков баяндама жасап, дін қызметкері дін мен Діни басқарма мүддесін қорғауға, өз қызметтік міндеттерін әділ әрі жауапкершілікпен атқаруға, кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып отыруға міндеттелетінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі