Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АССАМБЛЕЯНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 31.07.2020 2288 0 пікір
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АССАМБЛЕЯНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Дүниежүзілік ислам мазһабтарын жақындастыру жөніндегі ассамблеяның бас хатшысы Хамид Шахриари ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Алла Тағала, қазақстандықтарға, барша мұсылмандарға, барша адамзатқа денсаулық пен саламат нәсіп етсін. Және баршамызды осынау қайғы-қасіреттен сақтасын! Биыл пандемия салдарынан Мекке мен Мәдинадағы қасиетті мекендерімізге бару нәсіп болмады. Алайда алдағы күндері Алла Тағала өз құрметімен, кереметімен барша мүмін-мұсылманға нәсіп етеді деген үміттеміз. Алла Тағала бізге жәрдем берсін, қамқорлығына алсын, тура жолды нәсіп етсін» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру