Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚОС ШӘКІРТКЕ БІЛІМ ГРАНТЫН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 29.05.2020 4165 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚОС ШӘКІРТКЕ БІЛІМ ГРАНТЫН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жаңаөзен қаласында қос шәкіртке білім грантын табыстады.

«Біз Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойы аясында 30 студентке қолдау көрсету игі жобасын қолға алған болатынбыз. Бұған дейін бірқатар облыста шәкірттерге білім грантын табыстадық. Мақсат – ел болашағы болған жастарымыздың толыққанды білім алуына көмектесу. Бүгін екі білім гранты Жаңаөзен қаласындағы қос шәкіртімізге бұйырып отыр. Алла Тағала білімдеріңді арттырып, ел игілігі жолында қызмет ете берулеріңе тілектеспін» деп игі ниетін  жеткізді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ білім грантын иеленген қос шәкірттің бірі Айдос Болатұлы – «Нұр-Мүбәрак» университетінің бірінші курс студенті, екіншісі Қуаныш Сайдолла – Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің екінші курс шәкірті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру