Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 20.03.2020 4322 0 пікір
ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

Бүгін, қасиетті жұмада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері Құран хатым етіп, дұғасын жасады.

Хатым батасын берген Бас мүфти: «Уа, Алла Тағала! Науқасқа душар болған пенделеріңе шипаңды бергейсің. Жолаушылардың сапарын оңғара гөр. Өзіңнен жәрдем сұраған құлдарыңның дұғасын қабыл еткейсің. Науқас жандарға қасиетті Құранды шипа етіп, қайғыдан сейілтіп, қуанышын арттыра гөр. Уа, Алла Тағала! Еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апат пен жұқпалы індеттен сақтап, мешіттерімізді жамағатқа толтырғайсың, жұртымызға жар болғайсың» деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру