Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОНЛАЙН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 12.03.2020 6650 0 пікір
ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОНЛАЙН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ бас кеңсесінде Ғұламалар кеңесінің онлайн мәжілісі өтті.

Мәжілісте коронавирус індетіне байланысты бірқатар мәселелер талқыланды. Сонымен қатар жұқпалы дерттің алдын алу, сақтық һәм қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру, мешітте дезинфекция жұмыстарын жүргізу, т.б. мәселелер сөз болды.

Ғұламалар кеңесінің мүшелері коронавирусқа байланысты жұма намазын тоқтату туралы қоғамда туындаған сауал төңірегінде пікір алмасты. Дін қызметкерлері бұл сауалға қатысты өз пікірлерін білдіріп, әзірше жұма намазын тоқтатуға қажеттілік жоқ екенін алға тартты. Бұл мәселеге қатысты ҚМДБ мәлімдемесін жариялау туралы шешім қабылданды. Мәлімдеме жуық арада ҚМДБ-ның ресми сайтында жарияланбақ. 

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру