Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

САМАРҚАН САПАРЫ: БАС МҮФТИ ИМАМ БҰХАРИҒА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 04.03.2020 4084 0 пікір
САМАРҚАН САПАРЫ: БАС МҮФТИ ИМАМ БҰХАРИҒА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқан қаласына жасаған ресми сапары аясында имам Бұхаридің мазарын зиярат етіп, Құран аятын бағыштады.

Делегация мүшелері жергілікті дін қызметкерлерімен сұхбаттасып, кесене тарихымен танысты.

Айта кетсек, делегация құрамында ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру