Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ИМАМ МАТУРИДИ МАЗАРЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 04.03.2020 1546 0 пікір
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ИМАМ МАТУРИДИ МАЗАРЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқан қаласына жасаған ресми сапары аясында Әбу Мансұр әл-Матуриди мазарын зиярат етіп, имамға Құран аятын бағыштады.

Делегация мүшелері жергілікті дін қызметкерлерімен сұхбаттасып, кесене тарихымен танысты.

Айта кетсек, делегация құрамында ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі