Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ОРТАЛЫҚ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 11.02.2020 3715 0 пікір
БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ОРТАЛЫҚ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО+ВИДЕО)

Бүгін Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппарат жиналысы өтті. Жиналысқа ҚМДБ Төрағасының орынбасары Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, сонымен қатар бөлім меңгерушілері мен мамандар қатысты.

Мәжілісте шариғат және пәтуа мәселесіне қатысты жамағат тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың жауабы топтастырылған кітап шығару, РАНТ және ЖАНТ мүшелеріне оқу-әдістемелік құрал дайындау, жұма уағызы кітабын әзірлеу, жастарға, қыз-келіншектерге танымдық еңбектер әзірлеу, имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы білім сайысын өткізу, мешіт жанындағы сауат ашу курсының оқу бағдарламасын жетілдіру, т.б. мәселелер талқыланды.

«Талқыланған бағыттар бойынша белсенді жұмыс нәтижесін көрсетуді тапсырамын. Әр бөлім өзіне жүктелген міндетті уақытылы әрі сапалы орындаса, жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы мүфтият қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру