Үстіміздегі жылдың 21-23 ақпан аралығында Өзбекстанның Бұхара қаласында Исламның ұлы ғұламаларының, имамдарының, Тариқат білгірлерінің, ғылыми ойлар мектебінің негізі қаланған отаны ретінде, ислам мәдениеті зиярат-туризимінің әлемдік ірі орталықтарының бірі ретінде Бұхара, Самарқанд, Хиуа, Шахрисабз секілді тарихи елдімекендердің маңыздылығы мен мүмкіндіктерін танытуға, мемлекеттің туристік мүмкіндіктерін көрсетуге арналған «Зиярат-туризм» тақырыбында І халықаралық форум өтіп жатыр.
Форумға Индонезия, Малайзия, Египет, Пакістан, Қазақстан, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Сингапур, Әзірбайжан, Түркия, Нигерия, Ресей, Үндістан, Германия, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка секілді әлемнің 100-ден аса елінен өкілдер мен туристік компаниялар қатысуда. Қазақстан атынан ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасымен ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиев қатысуда.
Туризм – көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану үдерісіне оң ықпал ететін маңызды әлеуметтік һәм саяси құбылыс. Қазіргі таңда әлемдік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатпен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштерді ерекшелеп көрсетудің ұтымды жолдарының бірі саналады.
Осы тұста Өзбекстан мен Қазақстан сынды тарихы терең өлкелердің ислами зиярат-туризмнің беделді шаңырағына айналуына мүмкіндігі мол. Сол себепті, зиярат-туризмді дамытып, зияраттың діни әдептерін халыққа түсіндіруде, шариғи мәселелерді талқылауда, ислам тарихының ажырамас бөлігі саналатын Орта Азиядағы тарихы өлкелерді күллі мұсылман жұртшылығына паш етуде ұйымдастырылып отырған аталмыш форумның маңызы зор.
Өзбек пен қазақ сан ғасырлардан бері ауылы аралас, қойы қоралас бірге өмір сүріп келе жатқан туыс халықтар. Қазақ халқы "Өзбек өз ағам" десе, бауырларымыз "Юлдашың қозоқ булса, юлдан адашмайсын" яғни, "Біз өзбектер бір туғанымызды, туысымызды алысқа сапарға жіберіп жатсақ "Досың қазақ болсын" деп бата-тілек береміз дейді. Міне, бұл діні бір, түбі бір түркі халқының бауырмалдығының айқын белгісі деп білеміз. Сол себепті, зиярат-туризм бағытындағы ортақ жұмыстар да жанданып, бірлескен игі шаралар жүйелі түрде жүзеге асады деп сенеміз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
22.02.2019
4652
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру