Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 23.10.2026 41 0 пікір
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы төрағалығымен Республика күні қарсаңында Төралқа мәжілісі өтті.

Келелі жиында Бас мүфти ұжым қызметкерлерін келе жатқан 25 қазан - Республика күнімен құттықтады.

«Расында еліміздің өркендеуі мен қоғамның тұрақтылығы әрбір азаматтың адал еңбегі мен ортақ мүддеге деген жанашырлығына байланысты. Отанға қызмет ету дегеніміз – туған елдің дамуына үлес қосу, ұлттық құндылықтарды сақтау, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау және қоғамда ізгілік пен әділеттілікті орнықтыру.
Ендеше, ел игілігі жолындағы әрбір адал ісіміз бен ортақ мақсатқа бағытталған еңбегіміз мемлекетіміздің мерейін үстем ете бергей.
Осы мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, еліміздің болашағы жарқын болсын», - деп тіледі ҚМДБ төрағасы.

Бұдан бөлек, Бас мүфти жуырда ұжымда бірқатар ауыс-түйіс болғанын атап өтті.

Мәселен, Шыңғысхан Жаппарханұлы «Діни білім және кадр дайындау» бөліміне қарасты «Құран секторына» меңгеруші болып тағайындалды.

Досжан Еркінұлы «Уағыз-насихат» бөліміне маман болып тағайындалды.

Бағыжан Ерболатұлы наиб мүфти Ермек Қасболатұлының көмекшісі болып тағайындалды.

Нұрболат Серікұлы «Дін мен дәстүр» бөліміне қарасты «Жастар ісі» секторына меңгеруші болып тағайындалды.

Хамзат Қажымұратұлы «Мүфтият баспасы» жанынан ашылған «Аудармашылар» секторының меңгерушісі болып тағайындалды.

Сонымен қатар «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы қызметіне Ақан Жұмабиденұлы тағайындалды.

Жиын соңында Бас мүфти жаңа қызметке келіп жатқан барша әріптестерге сәттілік тілеп, қызметтерін ыждағатпен, ықыласпен атқарады деп сенім білдірді.

















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру