Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЖЫЛЫҚ-2018: ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖҰМЫСЫ (ВИДЕО+ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 29.12.2018 4581 0 пікір
ҚАЖЫЛЫҚ-2018: ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖҰМЫСЫ (ВИДЕО+ФОТО)

2018 жылдың басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қажылық миссиясының құрамын бекітті. Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы Қажылық миссиясының төрағасы болып бекітілді.  

Миссия жанынан Уағыз-насихат, Пәтуа беру, Емдеу-сауықтыру, Ақпарат тарату тобы құрылды.

Миссия мүшелері екі топқа бөлініп, Қазақстан қажылары орналасқан Меккедегі қонақүйлерді аралап, отандастарымыздың жағдайымен танысты, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Тексеру барысында қажылардың денсаулығы, уағыз-насихат, түсіндірме жұмыстарының жүргізілуі, қонақүйдің асханасы, ондағы тазалық, жол-көлік тасымалының орындалуы, т.б. мәселелерге баса назар аударылды. Сонымен қатар ҚМДБ мен Қажылық министрлігінің қойған талаптарының орындалу барысы тексерілді. Кездесу кезінде 18 фирма жетекшілері мен дәрігерлеріне тиісті нұсқамалар мен тапсырмалар берілді.

Қазақстан Қажылық миссиясы жанындағы Уағыз-насихат тобының ұйымдастыруымен қажылар арасында 237 рет кездесу өтті.

ҚМДБ Аппарат басшысы Ғ.Мәжиевтің «жүргізілетін уағыздар бірізді болуы тиіс» деген ұсынысына орай, ҚМДБ ұстаздары қажылықта айтылуы тиіс болған уағыз тақырыптарын таңдады. Ұсынылған тақырыптарды Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов бекітіп, барлық уағыздар бірізді жүйемен айтылды.

Қазақстан қажыларына 200-ден астам пәтуа берілді. Қажылыққа қатысты діни терең сұрақтар ауызша, жазбаша қойылды. Сонымен қатар, ватсап желісі арқылы да пәтуа сұрағандарға уақытылы жауап берілді. Сұрақтардың басым бөлігі ихрам хəлінен шығу, шайтанға тас ату, еттеккір жағдайында қажылық өтеу, тауап жасау, Мина мен Мұздалифа аймағында түнеу, намазды қысқартып оқу, т.б. қажылық рүкіндері мен парыздарына қатысты қойылды.

Қазақстан қажылары менингитке қарсы екпе (вакцинация) салдырды. Отандастарымыздың денсаулығын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан ұсынылған дәрігерлер тобы жіті қадағалады. Мекке мен Мəдина қаласында Қазақстан Қажылық миссиясының медициналық көмек көрсету орталықтары ашылып, аталған орталық отандық дəрі-дəрмектермен, жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілді. 15 дәрігер медициналық көмек көрсету орталығында қажыларға тәулік бойы қызмет көрсетті.  

Биылғы қажылық маусымында Қазақстан Қажылық миссиясының дәрігерлері Мекке мен Мәдина қаласында 1960 отандасымызға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Тыныс жолдары аурулары (жедел респираторлық аурулар, баспалар, тонзилит, ларингит, фарингит, трахеит, бронхит) бойынша 650 адам дәрігерге қаралды.

Жарақаттар (терінің қажалуы, жұмсақ тіндердің соғылуы), буын аурулары бойынша 430 адам шағым айтты.

Тірек-қимыл жүйесінің аурулары (артрит, артроз, радикулит, омыртқа жарықтары, т.б.) 330 адамға алғашқы ем жасалды.

Жүрек-қантамыр жүйесі, асқорыту, ішек жолдары, несеп зәр шығару жүйесі, құлақ аурулары, аллергия бойынша 550 адам емделді.

Қажылық миссиясы Ақпарат тарату тобы 30-дан астам жаңалық таратты. «Асыл арна» телеарнасы, «КТК» арнасы арқылы тиісті мәліметтер мен түсініктемелер берілді. Тікелей эфир қосындары жүзеге асты. Қажылық маусымы кезінде күн сайынғы жаңалықтар мүфтият сайттарында, республикалық басылым беттерінде жарық көрді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Меккеде дəстүрлі «Бір мезетте - бір тілек» дұға жасау шарасына өткізді.

Арапат аймағында өткен шараға 200-ден астам қажы қатысты.

Дін қызметкерлері еліміздің игілігі, халқымыздың амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Айдар Салқынбаев пен осы бөлімнің бас маманы Қанат Бекжанов қасиетті сапардың ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып, белсенділік танытты. Виза шығару, əуе, көлік тасымалдау шараларын ұйымдастыру бағытында жақсы жұмыс нəтижелер болды.

Парызын өтеу үшін қасиетті Мекке мен Мәдинаға аттанған 3000 отандасымыз елге дін аман оралды. 1 қыркүйекте қажылардың соңғы легі Шымкент әуежайына қонды.

Биыл ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлының шешімімен мүфтият жанындағы «Қазақстан қажылық қоры» есебінен 100 имамға 50 мың теңге көлемінде жалақы беріле бастады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру