Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ: АЙТТЫ БІР КҮНГЕ БЕЛГІЛЕУ – ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІК (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 15.06.2018 4130 0 пікір
ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ: АЙТТЫ БІР КҮНГЕ БЕЛГІЛЕУ – ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІК (ФОТО)

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усмонхон қажы Алимов Бас мүфти Серікбай қажы Оразға арнайы хат жолдады.

«Қадірлі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет! Ташкент қаласында Сізбен болған кездесуде діни мерекелерді бірізге түсіру мәселесін талқылап, екіжақты меморандум қабылдадық. Осы келісімнің нәтижесінде Орта Азия елдерінің Ислам ғұламалары діни мерекелерді бір күнге белгіледі. Бұл – біздің, бауырлас қазақ-өзбек халқының бірлігінің белгісі деп атар едім. Бұл шешім екі ел мұсылмандарының бірлігін қамтамасыз етіп, діни мәселелерге ортақ пәтуа шығаруға мүмкіндік жасады. Көрші елдердегі діни мерекелердің бір күнде басталуы – үлкен жетістіктің бастамасы», – деп атап өтті Өзбекстан мүфтиі Усмонхон қажы Алимов.

Айта кетейік, 2018 жылдың 24 наурызында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Өзбекстанға жасаған сапары аясында екі елдің Діни басқармалары арасында меморандум қабылданды. Қабылданған құжатта діни мерекелерді бірізге түсіру, ортақ пәтуалар шығару, аударма жұмысын жетілдіру, діни тәжірибе алмасу, жастарды діни ағарту, т.б. мәселелер қамтылған болатын.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру