Астанада наиб мүфти Бауыржан Есмаханның төрағалығымен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумына қатысты жиналыс өтті.
Алқалы отырысқа наиб мүфти Алау Әділбай, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, мүфтият қызметкерлері мен Астана қаласының Бас имамы Асқар Мұқанов қатысты.
Жиналыста форумның бағдарламасын пысықтау, қонақтарға арналған мәдени шаралар, мәртебелі меймандарды ресми қабылдаулар, т.б. ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелер талқыланды.
Жиналыста наиб мүфти Бауыржан Есмахан: «Бұл – мүфтият тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған тарихи әрі халықаралық форум. Сондықтан іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне әрқайсымыз ыждаһаттылық танытуымыз тиіс», – деп атап өтті.
Айта кетейік, форумға Еуропа мен Орталық Азияның 22 елінен 30-дан астам делегат, атап айтқанда, Бас мүфтилер, дін қайраткерлері, ислами бағыттағы ұйымдар мен одақтардың жетекшілері, еліміздің депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатыспақ.
Бүгінде Түркия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан, Румыния, Украина, Латвия, Литва, Эстония, Польша, Венгрия, Хорватия, Моңғолия, т.б. 18 елдің Бас мүфтилері халықаралық шараға қатысатынын ресми мәлімдеді. Ал форум Астана қаласында 2 наурызда өтеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
22.02.2018
4244
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру