Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз алдыңғы мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен кездесті.
Ресми кездесуде Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлын жауапты лауазымды қызметімен құттықтап, жұмысына береке тіледі.
Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мәртебелі мейманға ілтипаты мен жылы лебізін білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының даму бағдарламасымен таныстырды. 2018 жылда атқарылатын ауқымды іс-шаралар мен игі бастамаларымен бөлісті.
Кездесу соңында Дін қайраткерлері мүфтияттың даму бағдарламасы туралы өзара пікір алмасты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
10.01.2018
8927
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру