Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИТРОПОЛИТ БАС МҮФТИДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz     13.12.2017 3929 0 пікір
АСТАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИТРОПОЛИТ БАС МҮФТИДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Оразға құттықтау хатын жолдады.

«Құрметті Мүфти Хазрет! Бізден жоғары және жауапты Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі лауазымына тағайындалуыңызға байланысты құттықтауымызды қабыл алыңыз! Ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін ханафиттік Ислам Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы өмірінде маңызы фактор болып табылады. Республикамыздың Президенті, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстанның рухани тұрақтылығы екі негізге байланысты, ол – дәстүрлі Ислам мен Православие» деген болатын. Ширек ғасырдан астам уақыттан бері еліміздегі Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы және Православты шіркеу арасында жақсы қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнаған.

Қазіргі уақытта мемлекеттің қолдауы нәтижесінде елімізде дінаралық диалог одан әрі дамуда. Бұдан былай да Православ шіркеуі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасындағы игі ынтымақтастық қарым-қатынастар қазақстандықтардың игілігі үшін жалғасын табады деп үміттенемін. Сізге денсаулық, жақсылық, игі бастамаларыңызға табыс пен сәттілік тілеймін!» – делінген Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астаналық және Қазақстандық Митрополиттің құттықтау хатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру