Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

23 Тамыз 2026

10 Рабиғул әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Бас мүфтиге сәттілік тіледі

www.muftyat.kz 11.12.2017 5077 0 пікір
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Бас мүфтиге сәттілік тіледі

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев мырза Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразұлын жоғары лауазымға сайлануымен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

«Бас мүфтиді жоғары лауазымға сайлануымен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік тілеймін. 
2013 жылдан бері Бас мүфтий лауазымын атқарған Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен игі жұмыстар іске асырылғанын атап өткім келеді. 
Діни басқарма бүгін қоғамның нақты талаптары мен қажеттіліктеріне сай келетін жұмысын жүйелі, тиімді жүргізуде. Солардың арасында «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы» және «Теологиялық білім беру тұжырымдамасы» әзірленді.
Қазіргі таңда Мүфтияттың қызметін күшейтуге бағытталған кадрлар әлеуетін нығайтуды көздейтін бірқатар ұйымдастырушылық шаралар қабылданды. «Мешіттердің ішкі тәртіп ережесі» бекітілді. Экстремизм мен терроризм бабы бойынша сотталғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін «Түзеу мекемелері: сұрақ-жауап» атты кітап шықты. Бұл шаралардың барлығы ислам дінін дұрыс түсіндіруге, кез-келген радикалды элементтерге қарсы жасалып жатқан іс-әрекеттер деп білеміз»,- деп жазған министр Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру