Басылымның желтоқсан (№12) айындағы санында жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық. Журнал «Отанды сүю иманнан» айдарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіз елім - Қазақстан» деген мақаласымен ашылған. «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Ниет ізгі, амал қайырлы», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Ғабаса» сүресі», «Зерде» айдарымен ««Уақиға» сүресі», «Дін мен дәстүр» айдарымен «Емізу мәселесі», «Жаттап айтыңыз» айдарымен «Пайғамбарға (r) салауат», «Пәтуә» айдарымен «Кебіндеу үкімі», «Сахих хадистер» айдарымен «Туралыққа шақырғандардың дәрежесі», «Данадан үйрен» айдарымен «Ұстаз бен шәкірт», «Ұлағат» айдарымен «Даналар сөзі – ақылдың көзі», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Мұсылманның кемшілігін іздемеңіз», «Халық қазынасы» айдарымен «Мақал-мәтелдер», «Хадис түсіндірмесі» айдарымен «Кемел мұсылман», «Уағыз» айдарымен «Ашу – дұшпан», «Балаларға базарлық» айдарымен «Алдын ала дайындық», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Алла тазалықты сүйеді», «Тағылым» айдарымен «Ислам – білім мен ғылым жолы» деген материалдар жарық көрген.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:
«Ой салу» айдарымен «Таза мінсіз асыл ой», «Хикаяттар» айдарымен «Адамгершілікті сақтау...», «Сұрақ-жауап» айдарымен ««Әттахиятта» саусақ қимылдап тұруы керек пе?», «Ғибратты әңгіме» айдарымен «Қайырымдылық етсең ...», «Сұқбат» айдарымен «Отбасы тәрбиесі қажет», «Ислам ғұламасы» айдарымен «Ибн Халдун», «Білгенге маржан» айдарымен «Қожалар әулеті», «Сақтаныңыз» айдарымен «Қорқор қауіпті», «Тарихи таным» айдарымен «Шығай хан», «Ой салу» айдарымен «Тұман», «Пайдалы кеңес» айдарымен «Пияз жеңіз», «Таным» айдарымен «Бақытты отбасын құрыңыз», «Адаспа, ағайын!» айдарымен ««Бұл менің қателігім еді...»», «Шипа Алладан» айдарымен «Сусамыр (қант диабеті)» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2018 жылға жазылу жүріп жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 17 жыл бойы жазылу бағасы бір деңгейде сақталып келді. Енді біршама қымбаттатуға мәжбүрміз. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесі немесе жергілікті мешіт арқылы жазылсаңыз, келесі жылдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.
Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 3000 теңге. Журналдың пошталық тасымал шығынын әдеттегідей басылым редакциясы өз міндетіне алады. Басылымға жазылудағы оқырман ескеретін бір ерекшелік бұған дейінгідей үш айға не жарты жылға жазылу қабылданбайды. Тұтас бір жылға жазылу қажет. Алматы тұрғындарының басылым редакциясына келіп жазылуына болады.
Оқырмандар «Иман» журналына жазылу бағасын «Қазпошта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен біліп, жазыла алады.
Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.
Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға телефонмен хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері
БИН 120940011498
Р\С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX
KBE 17
РНН 600900658515
050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12
Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
27.11.2017
4162
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру