Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ғалымдары Мысырдағы халықаралық конференцияға қатысуда

www.muftyat.kz 18.10.2017 4080 0 пікір
ҚМДБ ғалымдары Мысырдағы халықаралық конференцияға қатысуда

Бүгін Египеттің астанасы Каир қаласында "Қоғамның тұрақтылығындағы пәтуаның орны" атты xалықаралық конференция жұмысы басталды.

Ислам әлемінің 47 елінің ғалымдары жиналған жиынға еліміздің атынан ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің xатшысы Ершат Оңғаров пен Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов қатысуда.
Конференция жұмысы 3 күн жалғаспақ. Шараны Мысырдың мүфтияты ұйымдастыруда. Конференция аясында 5 мәжіліс және 4 секциялық жұмыс өтпек.

Бірінші мәжіліс "Пәтуа және қоғамның тыныштығын сақтау", екінші "Қоғамдық тұрақтылыққа қарсы келетін пәтуалар", үшінші "Экстремистік жамағаттардың пәтуалары және дау-дамайлар мен бейберекетсіздіктің алдын алу", Төртінші "Терроризимнен исламафобияға дейін: талдау және талқылау", бесінші "Стратегиялық пәтуаларды дамыту және қадағалау" деп аталады.

Сонымен қатар "Шектен шыққан пәтуалар және электрондық кеңістік", "Пәтуа дауы және БАҚ", "Пәтуа және отбасы тұрақтылығы", "Теріс пәтуалардың алдын алудағы пәтуа беретін ұйымдардың тәжірибесі" тақырыптарында секциялық жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру