Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: МҮФТИЯТТЫҢ ӨЗ ҚАЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

muftyat.kz 25.07.2017 4841 0 пікір
ҚМДБ: МҮФТИЯТТЫҢ ӨЗ ҚАЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев журналистерге ресми мәлімдеді.

«Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ҚМДБ-ның төл «Tawaf travel» атты қажылық компаниясы ашылды. «Tawaf travel» қажыларға жоғары деңгейде қызмет көрсететін болады. Биыл компания 300 қажыны қасиетті сапарға апарады. Әлемдік мұсылман елдеріндегі тәжірибеге сәйкес, қажылық сапарын жергілікті мұсылмандар діни басқармалары ұйымдастырады. ҚМДБ болашақта қажыларға толық қызмет көрсетуді көздейді. Өйткені, қажылық – туристік сапар емес, ол – ұлы құлшылық, асыл дініміз Исламдағы бес парыздың бірі. Ұлы құлшылықты кәсіп көзіне немесе табыс құралына айналдыруға болмайды. Біздің мақсатымыз – қажылық сапарын сапалы деңгейде ұйымдастырып, қызмет сапасын арттыру. Осылайша, еліміздегі мұсылман жамағатының алғысын алу – басты мақсаттарымыздың бірі», – деп атап өтті ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен «Tawaf travel» қажылық компаниясының директоры болып ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов тағайындалды. Компанияның Астана және Алматы қалаларындағы кеңселері ашылып, қажылық жұмыстарына кірісіп кетті.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру