ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі аудан имамдарына ұлттық спорт түрлерін жаңғырту туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырмалар аясында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мешіті ауыл шабандоздары арасында көкпар сайысын өткізді.
Сайысқа аты мен шабандозы сақадай сай бірнеше командалар қатысып, көкпаршылар білек күші мен аттың бауырында ойнайтын шеберліктерін сарапқа салды.
Сайысты тамшалауға аудан халқы мол жиналды. Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов: «Осы спорт түрін одан ары дамыту мен жастардың ат спортына деген қызығушылығын оятуға бірнеше шаралар жоспарланып, іске асуда. Ат спорты мен көкпар ежелден келе жатқан ата-бабамыздың ойыны. Біз бабадан мұра болған бұл спорт түрін дамытуымыз керек» деп атап өтті, өз сөзінде.
Сайыстың көргін қыздырып, халықтың көңілінен шығып, жеңіске жеткен командалар аудандық мешіт атынан марапатталды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ ШҚО өкілдігі
10.07.2017
4450
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Аян | 12.07.2017 09:25
Зайсан ауданының бас имамы Тимурға Алла разы болсын!