«Астана» медресесін тәмамдаған түлектерге диплом табыстау салтанатты іс-шарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы осылай деді.
Бас мүфти болашақ дін қызметкерлерін мәнсапқа құмар болмауға шақырып, әсіресе аудан, ауыл мешіттерінде қызмет етуге үндеді.
«Мысырда оқып жүрген кезімізде ұстаздарымыз: «Дін жайылмаған жерге барып имамдық етіңдер», – деген өсиетін үнемі айтып отыратын. Кейіннен бұл сөздің мәнін түсіндік. Өздеріңіз білесіздер, ауылды жерде тұратын қаншама бауырларымызға, жастарымызға Ислам туралы толыққанды ақпарат, уағыз жетпей жатыр. Міне, сол кісілерге асыл дініміздің құндылықтарын таратуға үлес қоссаңыздар үлкен сауапқа бөленесіздер. Діни салада мәнсапқа ұмтылуға болмайды. Мәнсап дегеніміз – атаққұмарлық. «Бастық болсам, ал жанымдағылар қасымда айтқанымды істеп жүрсе», – деген пиғыл адам баласын рухани тұрғыдан аздырады. Атаққұмарлық адам баласына абырой әкелген емес», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
22.06.2017
5435
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру