Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде тарауих намаздары басталды. Иін тірескен жамағат құптан намазын оқып болысымен, ортаға шыққан ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ұлық ай жайында аз-кем ақпарат беріп өтті.
Сондай-ақ, бір ай бойы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатын қасиетті Құран аяттарына ұйытып, тарауих намаздарына имамдық ететін қариларды жамағатқа таныстырып өтті. Айта кетейік, биылғы жылы Бас мешіттегі тарауих намаздарын елімізге танымал төрт қари жүргізетін болмақ. Олардың үшеуі (Ғазиз Ахметов, Ерлан Битенов, Дінмұхаммед Сманов) «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері болса, белгілі исламтанушы ғалым, қари Еркінбек Шоқай арнайы шақырылып отыр.
Алып мешіттің үлкен залын лық толтырған жамағатқа қариларды таныстырып өткен Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қасиетті Рамазан айының мұсылман қауымына мүбәрак болуын тілеп, көпшілікпен бірге дұға жасады. Қариларымызға сәттілік тілеп, Жаратушы Алладан Рамазан айын сауапқа толы өткізуді нәсіп етуін сұрады.
Айта кетейік, жылдағы үрдіс бойынша республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі тарауих намаздарынан соң жамағат үшін 3 бағыт бойынша тегін автобус қатынайтын болады. Автобус бағыттары мына сілтемеде көрсетілген.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
27.05.2017
6840
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру