ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, белгілі исламтанушы Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы Қызылорда облысы Әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы Дін проблемаларын зеттеу орталығының арнайы шақыртуымен Сыр елінде іс-сапармен болды.
Ақбөпе Қанатқызы облыс орталығындағы студенттер сарайында «Қазіргі қоғамның рухани-өнегелік жаңғыруындағы қыз баланың орны» тақырыбында өткен семинар-тренингке қатысып «Әйелдер аудиториясында діни экстремизмнің алдын алу және дерадикализация бағытында жұмыс жүргізу мәселелері және діни экстремистік идеологияның ықпалына түскен тұлғаларды қайта оңалту бойынша ҚМДБ-ның тәжірибесі» тақырыбында көлемді дәріс оқыды.
Исламтанушы өз дәрісінде қазақ қызы қашанда иманды әрі инабатты болғандығын, халқымызда әжелер, аналар, келіндер және арулар институты әрқашан жұмыс жасап келгендігін тілге тиек етті. Қазіргі таңдағы деструктивті діни ағымдардың арбауынан қоғамды сақтау үшін мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарының рөліне кеңінен тоқталып кетті.
Сондай-ақ, аталмыш семинарға имамдар, ғалымдар, әкімдік қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, мешіт ұстаздары, теологтар мен дінтанушышалар қатысты.
Сонымен қатар, А.Тілегенова Әкімдік жанындағы орталықтың мамандары және дінтанушы ұстаздармен кездесіп, өзінің тәжірибелерімен, ойларымен бөлісті.
ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.05.2017
5016
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру