Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының ұстазы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «6D021500–Исламтану» мамандығының 1 курс Ph.D докторанты Юлдашев Т.У. АҚШ мемлекетінің Боудин колледжінде екі ай ғылыми тағылымдамадан өтті.
Бұл шетелдік іс-сапар ҚазҰУ-де докторантура бағдарламасы аясында орындалған. Боудин колледжіндегі шетелдік ғылыми іс-сапар барысында жоспар бойынша 1 курс Ph.D докторанты Юлдашев Т.У шетелдік ғылыми кеңесші, профессор Роберт Моррисонмен бірлесе отырып келесідегідей жұмыстар атқарды: ғылыми жұмысқа байланысты кешенді зерттеу жүргізу және докторлық диссертация тақырыбына қажетті мағлұматтарды талдау; ғылыми диссертация жоспары бойынша әдіс-тәсілдерін теориялық және методологиялық талдау; ғылым және тәжірибенің қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін, ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін меңгеру. Боудин колледжінің кітапханасынан «Әбу Мансур әл Матуриди теологиясындағы «иман» мен «амал» арақатынасы» тақырыбына қатысты әдебиеттер талданды. Ғылыми іс-сапар нәтижесінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым Комитеті ұсынған ҚазҰУ Хабаршысы ғылыми журналында, халықаралық ғылыми конференция материалдарында мақалалар жарияланды.
Мұқан Н.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аға оқытушысы
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.05.2017
5241
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру