Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иман» журналының жаңа саны жарық көрді

27.04.2017 3785 0 пікір

Басылымның мамыр айындағы санында жарияланған материалдарға қысқаша шолу. Журнал «Отанды сүю иманнан» айдарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдің күші бірлікте» деген мақаласымен ашылған. «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Рамазан – ұлық ай», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Ағлә» сүресі, «Шариғат» айдарымен «Нұр-Астана» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти  Наурызбай Тағанұлының  «Игілікке шүкірлік ету», «Пәтуә» айдарымен «Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетудің үкімі», «Ақида» айдарымен «Алла – жалғыз», « «Уағыз» айдарымен «Уақыт нығметі» «Хадис түсіндірмесі» айдарымен «Жастық шақта дүниеге қызықпау», «Насихат» айдарымен «Расулаллаға (с.ғ.с.) бойұсыну», «Данадан үйрен» айдарымен «Ұстаз бен шәкірт», «Ағымдар ақиқаты» айдарымен «Талибан», «Білгім келеді» айдарымен «Қара құрдымдар», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Менің жарым менің тағдарым ба?», «Парыз» айдарымен «Зекет бермеу – үлкен күнә», «Ойласу» айдарымен «Ар-ұятымызды сақтайық», «Өнеге» айдарымен «Алаштың Атымтай Жомарты», «Даналық» айдарымен «Төле бидің төрелігі» атты мақалалар жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Ой салу» айдарымен «Намаз, ораза, зекет қажы туралы», «Ислам ғұламасы» айдарымен «Ибн Сина – араб тілінің де білгірі», «Тағылым» айдарымен «Білім жарысы», «Өсиет» айдарымен «...Тілек тілеңіз», «Харам» айдарымен «Ғайбат па, жоқ па?», «Адаспа, ағайын!» айдарымен «Шейх Халил кім?», «Шипа Алладан» айдарымен «Дем салдырасыз ба?», «Ұлттық тағам» айдарымен «Уыз», «Үлгі» айдарымен «80 жасында арабша үйренген әже», «Ұлттық ойын» айдарымен «Көкпар» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2017 жылға жазылу жалғасып жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 16 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі айдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.

Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады. 

Ал, журналымызға «Қазпошта» АҚ арқылы жазылсаңыз, бағасы:

1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;

2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;

3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.

Бір жылға толық жазылсаңыз, басылымнан қол үзбейсіз.

 

Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.  

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 5-іне дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері

БИН 120940011498

Р\С KZ 288560000005684077

АО «Банк Центр Кредит»

БИК KCJBKZKX

KBE 17

РНН 600900658515

050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12

Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады:

8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру