Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыс имамдарына “Халал Даму” ЖШС өкілдігінің семинары өтті

15.02.2017 3964 0 пікір

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы «Қарасай батыр» мешітінде «Халал Даму» ЖШС-ның Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков  Жанабілдің ұйытқы болуымен  семинар өтті. Семинарға «Халал Даму» ЖШС-нің директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы, Алматы облысы бойынша өкіл Қуаныш Бақытбекұлы, кәсіпкер Дәуренбек Кударов, аудандық ауылдық мешіт имамдары қатысты. Жиынды облыс өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы ашып берді. “Халал Даму” ЖШС-нен арнайы шақырылған Ануар Ізімбайұлы “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімінің тыныс тіршілігін таныстыра келе, үстіміздегі жылы атқарылған жұмыс жоспарына тоқтала кетті. Кәсіпкер Дәуренбек Кударов қазіргі таңда Халал өнімдерінің халқымызға қажеттілігін, осы саланы дамытуға имамдардың атсалысуына шақырды. Семинар соңы сұрақ жауапқа ұласты.

ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру