Осы жылдың 4-10 желтоқсаны аралығында Германия Федералды мемлекетінің арнайы шақыртуы бойынша ҚР Сыртқы істер министрінің ұйымдастыруымен Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарынан құрылған делегация құрамы Берлин, Штутгарт қалаларына іс-сапармен барып келді.
Іс-сапардың негізгі мақсаты – радикалды тұлғалармен профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізудің әдіс-тәсілі және тәжірибе алмасу болып табылады.
ҚР тарапынан делегация құрамында ҚР Бас прокуратура, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті, ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, Діндерді зерттеу орталығы Ассоциациясы, ҚР Президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер институты және ҚМДБ-ның қызметкері болды.
Діни басқарма тарапынан түзеу мекемелеріндегі және еркіндіктегі радикалды тұлғалармен түсіндірме жұмысын үйлестіруші Бас мүфти кеңесшісі Раев Қуат мырза қатысты.
Сонымен қатар, қырғыздар тарапынан мемлекеттік қызметкерлермен бірге Қырғыстан Республикасы Бас мүфтидің орынбасары Акимжан Эргешов мырза болды.
Үстіміздегі жылдың 5-7 желтоқсаны аралығында Берлин қаласында бірнеше кездесулер болды. Дәлірек айтқанда, Мұсылмандар орталық кеңесі, балабақшалар, мектептер, Отбасына қатысты Министрлік, Ішкі Істер Министірлігі, Білім беру орталықтары, Сыртқы Істер Министрлігі және әртүрлі Діни орталықтар болды.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация құрамы Берлиндегі белгілі қазақ ойшылы, ғалым, саяси және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай бабамыздың қабіріне арнайы зиярат етіп, Құран бағыштады.
8-10 желтоқсан күндері Баден-Вюртембергтегі экстремизммен күрес және кеңес беру орталықтары, Тюбинген университеті, Конституцияны қорғау қызметі, сонымен қатар Баден діни бірлестігінің қызметкерлерімен жұмыс кездесулері ұйымдастырылды.
Жалпы кездесу барысында халықаралық терроризм және діни экстремизмге қарсы бірнеше өзекті мәселелер талқыланып, оны шешу жолдарының әдіс-тәсілдері туралы тәжірибе алмасылды.
Айта кететін жай, бүгінгі таңда Германия мемлекеті тарапынан Сирия, Ирак жеріндегі «ДАИШ» террористік ұйымының құрамында 800-ге тарта тұлға қарулы жихадқа кетіп, оның 150-ге жуығы мерт болғаны мәлім болды.
Кездесулер соңында Германия Сыртқы Істер Министрінің Орта Азия және Кавказ мемлекеттеріне жауапты басшысы Михаэль Зиберт мырзаға қазақстандық делегациясы тарапынан ұлттық салт-дәстүрімізге сай иығына шапан жабылып, бөрік кигізілді.
Сонымен қатар, германиялық әріптестерге бірнеше сыйлықтар қатарында, Бас мүфтидің бастамасымен шыққан «Дін мен дәстүр» кітабы (орыс тіліндегі нұсқасы) және ҚМДБ-ның атқарған жұмыстары туралы ағылшын тіліндегі бейне роликтің электронды нұсқасы табыс етілді.
Аталмыш кездесудің нәтижесін ескере келе, алдағы уақытта осындай кездесуді ұйымдастыру қажеттілігі жайлы ұсыныс айтылды.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.12.2016
3719
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру