25 қараша күні Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.
Кездесуде Дін басшылары тәуелсіздік жылдарында еліміздің діни саласында атқарылған игі істер туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, дінаралық татулық, халықтардың бірлігі, әлемдегі діни ахуал туралы ой бөлісті. Сондай-ақ Дін басшылары дәстүрлі діндерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау мен қамқорлық шараларын да сөз етті.
«Бізді біріктіретін ортақ мақсаттар көп: халықтың бірлігі, жастардың тәрбиесін жақсарту, лаңкестік әрекеттерге жол бермеу, жастарды нашақорлықтан, араққұмарлықтан, т.б. жаман әрекеттерден құтқару. Отбасы құндылығын насихаттау – басты назарымызда болу керек», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.11.2016
4028
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру