Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ: ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! (ВИДЕО)

13.10.2016 3853 0 пікір

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының

Тәуелсіздік мерекесіне орай құттықтауы

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті бауырлар, қадірлі отандастар! Баршаларыңызды Тәуелсіздіктің ширек ғасырға татыған 25 жылдық торқалы тоймен құттықтаймын! Расында біз кешегі аумалы заманда, қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр етіп, азаттықтың ақ таңын атырған халықпыз. Сондықтан, Тәуелсіздік ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз. Ата-бабаларымыздың асқақ арманы мен өр рухының, иманға берік мұсылмандығының арқасында келген тәуелсіздік Алланың бізге берген ұлы сыйы һам нығыметі! Аллаға сансыз шүкірлер айтамыз! Егемендігімізбен бірге дініміз де өркендеп елімізде еңселі мешіттер мен медреселер бой көтерді. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін баршамыз өз саламыз бойынша шынайы ықыласпен атсалысайық! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Дендеріңізге саулық, күш-қайрат, отбасыларыңызға амандық, ел игілі мен халқымыздың болашағы жолында береке тілеймін! Тілек-дұғамыз қабыл, мұратымыз асыл болғай, әмин!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру