Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти Алматыда жаңа мешіт іргетасын қалады (ФОТО)

26.09.2016 6111 0 пікір

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түрксіб ауданы, Жас-Қанат ықшам ауданында 1100 адамдық жаңа мешіт ірге тасын қалап, құрылыс жобасымен танысты.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы құрылыс алаңында Түрксіб ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен жергілікті жамағатпен кездесті.

 «Осынау сауапты іске атсалысып жатқан азаматтарға алғыс білдіремін. Мешіт салу – сауабы үзілмейтін сауапты іс. Жаңа мешіт халықтың діни сауатын ашуға, білімнің, бірлік пен игіліктің ордасына айналады деп сенемін», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Құрылысы жоспарланған ғимараттың жалпы алаңы - 1400 шаршы метр. Кешен құрамына кітапхана, әкімшілік бөлмелері, діни рәсімдер өткізуге арналған зал кіреді. Архитектуралық жобаға сәйкес, 4 мұнаралы ғимараттың сәулеттік ерекшелігі - ең алдымен қазақтың ұлттық нақыштарымен безендірілмек.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Muftyat.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру