
Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі – Құрбан айттың үшінші күні, қыркүйек айының 14 жұлдызы Имамдардың білімін жетілдіру институтында еліміздің түпкір-түпкірінен келіп біліктілігін шыңдап жатқан имамдар өнер жұлдызы, «МузАрт» ансамблінің мүшесі Сәкен Мағазиевпен кездесті.
Кездесу барысында Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы қоғаммен дінді тұтастырып тұратын «көпір» іспетті имамдардың қоғаммен байланысын одан әрі нығайту және қоғамдағы дін туралы түсінікті дұрыс әрі тиімді бағыттау аясында тәрбиелік жұмыстарға тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті.
![]()
«МузАрт» ансамблінің мүшесі Сәкен Мағазиев Ислам институтында білім алып жатқан еліміздің имамдарымен жүздескеніне тебіренісін жүзінен жасыра алмады. Ислам институтының мақсат-мүддесімен жақын таныса келе, ұлт және дін жанашыры Сәкен Қордабайұлы: «...біз елдегі өзге ағым, өзге ұстанымдармен күресеміз деп жүріп, Алла алдында арқалаған аманатымыз - асыл дінімізді үгіттеу сынды ұлы міндетімізді ақсатып қойятындаймыз, оның есесіне дәстүрлі дініміз аясында атқарып жатқан сансыз шараларымызбен-ақ өзге ағымдағыларды бір мақсатқа, бір мүддеге шақыра аламыз»-дей келе нағыз мұсылман қай салада болмасын, әрқашан ұлтын, дінін, дәстүрін дәріптеуден, осы мақсатта еңбектенуден еш айнымау қажеттігін көрсетіп, өз ойымен бөлісті.
Кездесу барысында танымал өнер жұлдызына имамдар тарапынан түрлі де қызықты сұрақтар қойылды. Оған ел имамдары тұшымды жауап та алды. Қорыта айтқанда, ел имамдары мен өнер жұлдыздарының кездесуі дәстүрлі ислам дінін насихаттаудың өзектілігінің тағы бір көрінісі болды.
ҚМДБ ИБЖИИ баспасөз орталығы
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.09.2016
5000
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру