Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласы бойынша 21 орында құрбандық шалынады

01.09.2016 4551 0 пікір

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы бойынша 8 ауданға тағайындалған халал өкілдерімен басқосу өтті. Жиында Алматы қаласы бойынша 21 орында құрбандық шалынатыны жайлы Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Есмағамбет мәлімдеді.

Күн тәртібінде Құрбан шалуға байланысты өзекті мәселелер көтеріліп, жауапты тұлғалар бекітілді. Биыл Құрбан айт мерекесі қарсаңында құрбандық малын союға ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінен арнайы Сертификат алған 60-тан астам қасапшы тартылады деп күтілуде. Құрбандық малының шариғат талаптарына сай сойылуын арнайы мамандар қадағалайды.

ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімі мен ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі бірлесе әзірлеген құрбандық шалудың үкімі атты инфографиканы назарларыңызға ұсынамыз.


ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру