2016 жылдың 20-21 шілдесі аралығында ҚХР Үрімші қаласында «Исламның ортақ жолының идеясы» атты халықаралық симпозиум өтті.
Симпозиумға Қытай, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің дін басылары және мемлкеттік қызметкерлері қатысты.
Симпозиумға ҚХР мемлекеттік дін істері басқармасының директоры Ван Дзоан және ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиясы үкіметінің төрағасы Шохрат Закир, сонымен қатар Қытай Ислам ассоциациясының төрағасы шейх Хилалуддин Чен Гуанюань басшылық етті.
Қазақстан тарапынан Дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, бас маман М.Келесұлы, ҚМДБ-ның Бас мүфти кеңесшісі Қ.Раев және ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі А.Ұтысханұлы болды.
Бас қосуда барлық мемлекет өкілдерінен баяндамалар оқылып, тиісті ұсыныстар берілді. Қазақстандық араб тілінде жалғыз дайындалған А.Ұтысханұлының баяндамасы тыңдармандар тарапынан қолдау тапты.
Бас мүфти кеңесшісі Қ.Раевтң террористтік және діни экстремисттік ұйымдармен бірлесіп күресу бойынша бірлескен контрпропогандық материалдар дайындау, радикалды идеяларды таратушыларға қатысты қарсы пәтуалар шығару және Орта Азия мемелкеттерінің бірінде Имам Абу Ханифа және Имам Матуруди ғалымдардың еңбектерін заманауи тұрғыдағы жаңғыртылған ортақ кітапхана ашу керектігі туралы ұсынысы қатысушылар тарапынан қолдау тапты.
Ресейлік Бас мүфти Р.Гайнуддиннің ұсынысы бойынша бұл симпозиум жыл сайын өткізіліп, келесі жылы Мәскеу қаласында жалғасын табатын болды.
Muftyat.kz
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.07.2016
3861
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру