Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мүшәйра қорытындыланды

08.07.2016 4091 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарияланған «Дін және тарих тағылымы жылы» аясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдігі, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұйымдастыруымен  ақындар арасында жарияланған «Бағытым-Ислам, Бақытым-Тәуелсіздік» атты республиалық діни жыр мүшәйрасы қорытындыланды.

Білікті ақындармен діни мамандардан құралған қазылар алқасы ақындардан келіп түскен туындыларды сараптап қорытындысын шығарды.

Қазылар алқасының шешімімен:

Бас жүлде Умра қажылықты белігілі ақын Әскерхан Ақтай жеңіп алды.

1-орынға Астаналық танымал талантты ақын Ұларбек Дәлейұлы,

Семейлік ақын Нұрқыз Мырзаханова,

2-орынға Семейлік ақын Игенбаев Айдын,

3-орынға Алматылық ақын Саят Қамшыгер,

ынталандыру сыйлығына Бірлік Тоқайлар ие болды.

Ақындарды марапаттау шарасы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Теректі ауылына салынған «Марқакөл» мешітінің ашылу рәсіміне орайластырып, ораза айттың үшінші күні өтеді деп жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру