Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Алматы Орталық мешітінің діни сауат ашу курсының ерлер мен әйелдер бөлімін сәтті аяқтап, емтиханнан өткен 150-ге жуық шәкіртке сертификаттар табысталды. Олардың арасында 10 шәкірт 3-ші деңгейді аяқтаса, қалғандары курстың 1-ші деңгейін сәтті бітіріп, қаланың Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің қолынан бітіру куәлігін алды.
Мешіт жанында тұрақты түрде жүргізіліп отырған сауат ашу курсында діни біліммен сусындаған шәкірттер арасында еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін білім алып жүргендер бар. Сонымен қатар қала сыртынан қатынап, мешітіміздің ұстаздарынан дәріс алу үшін алыстан келетіндер де табылады.
Айтулы күнге кей шәкірттердің ата-анасы бірге келіп, мешіт ұстаздарына ыстық лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2016
3945
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру