Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев бастаған мүфтият қызметкерлері Түркия Дін істері министрлігі Діни басылымдар дирекциясының Бас директоры Жүніс Ахкаяның қабылдауында болды.
Жүніс Ахкая қазақстандық делегация мүшелеріне өзі басқаратын дирекцияға қарасты 4 департаменттің жұмысымен таныстырып өтті.
«Қазір өздеріңіз жақсы білесіздер, ХХІ ғасыр – ақпарат заманы. Кім ақпаратты көбірек беріп үлгереді – сол қоғамға ықпал ете алады. Бүгінгі заман талабын ескеріп, мерзімді, мерзімсіз басылымдарды шығарып, электронды ақпарат құралдарының, атап айтқанда, телерадионың мүмкіндігін көбірек пайдаланып жатырмыз. 24 сағат қызмет ететін діни телеарна ашуға қол жеткіздік. Телеарна арқылы қоғамды тәрбиелеуге болатынын сіздер жақсы білесіздер», – деді Бас директор Жүніс Ахкая.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда дирекцияда 450 адам қызмет етеді. Әр тілде шыққан кітаптардың арасында Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі де бар екен.
Өз кезегінде ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев Діни басқарма жанынан ашылған «Хикмет» телерадиостудиясының жұмысы мен діни кеңістік алаңындағы орнын айрықша атап өтті. Сонымен қатар, екіжақты ортақ меморандум негізінде 24 сағат бойы Ислам құндылықтарын насихаттап келе жатқан «Асыл арна» телеарнасы туралы да әңгімелеп берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.05.2016
4161
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру