Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас муфтидің жүлдесі үшін өтетін сайысқа іріктеу өтті

13.05.2016 3934 0 пікір

Өздеріңізге белгілі, жыл сайын ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін республикалық қазақша күрестен сайыс өткізіледі.

Оған республика аймағының түкпір-түкпірінен іріктеліп, салмағы 75 кг төмен емес балуандар қатысып, бағын сынайды.


Аталмыш сайысқа қатысқысы келетіндер арасында Қызылорда өңірінде іріктеу шарасы ұйымдастырылды.

Шараның ашылу салтанатына қатысқан ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаров бұл бағыттағы шаралардың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қызылорда қаласындағы М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған іріктеу сайысына облыс бойынша барлығы 36 балуан қатысты.

Нәтижесінде І орынды Жаңақорған ауданы, ІІ орынды Жалағаш ауданы, ІІІ орынды Қызылорда қаласының балуаны жеңіп алып, республикалық сайысқа жолдама алды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру