Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ делегациясы Түркиядағы діни білім беру тәжрибесімен танысты

09.04.2016 5190 0 пікір

Түркия дін істер министірлігіне арнайы жұмыс сапарымен барған ҚМДБ діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев Түркиядағы діни білім беру ісіне жауапты тұлғалармен танысып, тәжрибе алмасты.

Түркия Республикасы Дін Істер министірлігі (Диянет ишлери баканлығы) Діни білім беру департаментінің Бас директоры доктор, профессор Али Ербаш мырзаның қабылдауында болып, бөлім басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізіді.

Тұжырымдаманың мәні мен маңыздылығына назар аудара білген доктор, профессор Али Ербаш мырза, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан мұсылмандарының діни оқу орындарын медресе-колледж (имам хатиб коллдежі) етіп, қайта рәсімдеуін және Техникалық, кәсіптік білім мамандықтары жіктеуішіне «Исламтану»  мамандығын енгізгенін тарихи үлкен жетістік, мемлекеттің  ҚМДБна жасаған қамқорлығы ретінде бағалады. Исламтану колледждерін жүргізуге көмектесуге әзір екеніне сендірді. ҚМДБ қызметкерін діни білім беру департаменті бөлімдерінің жұмыстарымен таныстырды.

Сол күні бөлім басшысы Анкарадағы Түркия білім министірлігіндегі (Милли эйтим баканлығы) діни білім беру депортаменттінде де болды. Ол жерде халқаралық діни білім беру бөлімінің басшысы Осман Демиргүл мырзамен жолығып, Түркиядағы діни білім оқып жүрген қазақстандық студенттердің қал жағдайлары, білімдері туралы және діни білім берудегі жаңа стандарттар мен әдістемелік нұсқаулықтар жөнінде әңгімелесті. Әдістемелік көмектер алды.

Анкарада бөлім басшысы Б.Бейсенбаев Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес төрағасы пофессор, доктор Мұса Йылдыз мырзамен кездесіп, отандық медресе бітірушілерін аталмыш университетке грантпен қабылдауға және медреселерді оқулықтармен қамтамасыз етуге қол ұшын созуды сұрап, өтініш жасады. Өз кезегінде, доктор мырза бұл мәселелерді дұрыс қабылдап, барынша орындауға қолдау көрсететінін, Қазақстанның жетістігі үшін аянбай еңбек ететінін жеткізді.

Бөлім басшысы Анкарадағы Диянет уақфы аппаратының басшысы Абдурахман Четин және білім және мәдениет бөлімінің басшысы  Вейси Кая мырзаларға арнайы барып, діни білім берудегі уақыф мәселелері (қоғамдық қор құру) жөнінде сұхбаттасты.

Түркия Республикасындағы іс сапар аясында ҚМДБ қызметкері Б.Бейсенбаев, халқаралық «имам хатиб» лицейлерін барып көріп, басшыларына жолығып, жұмысымен танысты. Онда оқитын қазақстандық 16 қыз және 10 ер бала студентермен кездесті.

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру