Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: БАҚ-пен жұмыс істеуде нені ескеру керек? (ФОТО)

03.03.2016 4969 0 пікір

Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен «Ислам және зайырлы қоғам» атты конференцияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы «Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу тәсілдері» деген тақырыпта баяндама жасады.

А.Қонарбайұлы бүгінде адамзат баласы ашық ақпарат қоғамында өмір сүріп жатқанын, ақпараттың «асау толқынын» тежеу немесе оған тосқауыл болу оңай еместігін мәлімдеді. ҚМДБ өкілі сайттың немесе газеттің рейтингісін көтеру немесе оқырман санын арттыру мақсатында дін тақырыбын науқандық сипатта жазу үрдісі белең алғанын жеткізді.

Конференцияда сөз алған Ағабек Қонарбайұлы дін қызметкерлеріне мынадай ұсыныс-пікірін жеткізді:

Біріншіден, баспа құралдарына, яғни сайттарға, газет-журналдарға жазбаша түрде жауап беру қажет. Өйткені, діни мәселеде асығыс пікір білдіру, шикі шешім айту – орынсыз.

Екіншіден, электронды ақпарат құралдарына, яғни радио-телеарналарға сұхбат берместен бұрын, қойылатын сұрақтар мен күтілетін сауалдармен алдын ала танысып, жан-жақты дайындықпен барғанымыз абзал.

Үшіншіден, ресми сауалға ресми хатпен жауап беру қажет.

Төртіншіден, сұхбаттың немесе мақаланың БАҚ-қа шығатын соңғы нұсқасымен алдын ала танысып шығуымыз тиіс.

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру