ҚМДБ-ның Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің ұсынысымен Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Биоресурстар және технология» факультетінің «Тағам қауіпсіздігі» мамандығының «Халал өнімдерін өндіру технологиясы» траекториясы бойынша білім алып жатқан төрт магистрантымыз Малайзия елінің Путра университетінде (UPM) 15-25-ші ақпан аралығында 10 күндік іс-тәжірибеден өтіп келді.
Іс-тәжірибе жинақтау барысында магистранттар «Тағам инженериясы» факультетінде және Халал Өнімдерін Зерттеу институтында заманауи әдіс технологияларымен танысып, зертханаларда тәжірибелік зерттеулер жүргізді және шетелдік білікті мамандарымен пікір алмасу арқылы тәжірибе жинақтап келді.
Айта кетер тағы бір жайт, бір магистрантымыз Словакияда білімін жетілдіріп жатыр.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.03.2016
3893
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру