Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетілді

22.02.2016 4419 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамға бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық акция өткізді.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға мейрімділік танытайық» қайрымдылық шарасының аясында 100 балаға түрлі сыйлықтар тарту етіліп, мекемеге теледидар берілді.

Қайырымдылық шарасына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, еліміздегі барлық мешіттерде осындай ізгі істердің жүзеге асып жатқанын жеткізді.

«Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның бір мүшесі. Оларға қайырымдылық жасап, мейірімділік таныту әрбір мұсылманның міндеті. Мүмкіндігі шектеулі балалар қамқор болып, қиындық пен сынаққа мойымаған ата-аналар мен мекеме басшылығына алғысымды айтамын», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондай-ақ, шараға Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет және қала имамдары қатысты.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру