Іс – сапары қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген Бас мүфти орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жұма намазына қатысты.
Бас мүфти жұмаға келген жамағатқа «Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік» тақырыбында уағызын айтып, насихатын жеткізді.
Жұма намазын «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз өткізді.
Жұма намазынан кейін қонақтар қаламыздағы жаңадан ашылған «Мүсірәлі ата» мешітінде болып, жаңа мешіттің тынысымен танысып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұқбат берді.
Өз сұқбатында Ержан қажы Малғажыұлы Қызылорда өңіріндегі ислам дінінің өркен жаюы бағытындағы игілікті шараларға ризашылығын білдіріп, аймақ халқының дінге бетбұрудағы қарқынына, мешіттердің көптеп ашылуына атсалысып жатқан азаматтарға алғысын айтты.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.02.2016
4154
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру