2015 жылдың 23 желтоқсанында Астана қаласында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен түзеу колониясында террористік және діни экстремистік әрекетпен сотталушыларға қатысты жүргізілген профилактикалық жұмыстың қорытындысы туралы жиналыс өткізілді.
Аталмыш жиналысқа ҚР Мәдениет және спорт министрінің Дін істер комитеті мен ҚМДБ-ның басшылық құрамы және РАНТ мүшелері, ҚМДБ-ның аумақтық өкілдіктері қатысты.
ТК жазасын өтеушілерге қатысты ҚМДБ-ның тарапынан жүргізілген түсіндірме жұмысының есебі 2015 жылдың маусым айынан басталған болатын.
Қазіргі таңда, арнайы іріктеліп алынған 46-ға жуық имамдармен жүргізілген түсіндірме жұмысының нәтижесінде радикалды сотталушылардың сандары азаюда.
Ағымдағы жылы ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен террористік және діни экстремистік әрекет бойынша жазасын өтеуші 723 тұлғаға қатысты жеке түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, басқадай баптармен сотталған 6400 сотталушыларға қатысты жалпы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Бас мүфти 2016 жылы ТК профилактикалық жұмыста жеке түсіндірме жұмысын белсендіріп, діни материалдарды (аудио-бейне көрсетілімдер, кітаптар, әдебиеттер) кеңірек қолдану және жұмыстың сапалық жағын арттыру туралы нақты тапсырмалар берді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.12.2015
3979
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру