Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни журналистер тобын қалыптастыру мәселесі сөз болды

20.11.2015 3779 0 пікір

Астанада өткен Мәдениеттер мен діндердің орталығы жанынан құрылған Әдістемелік Кеңесте осындай мәселе қаралды.

Басқосуға төрағалық еткен Дін істері комитетінің төраға орынбасары Ғабит Мұхамеджанұлы бұқаралық ақпарат құралдарында Ислам тақырыбы өзекті мәселеге айналғанын сөз етті. Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы орталықтың жұмысы туралы және журналистермен әріптестік қарым-қатынас орнатудағы маңызды мәселелер жайлы ойларын ортаға салды.

Отырысқа қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуат Ерғалиұлы кейбір журналистер үшін Ислам діні рейтинг көтеру құралына айналып кеткенін ашына жеткізді.

«Қазан қаласында діни журналистерді даярлайтын арнайы орталық жұмыс істейді екен. Мүмкін біз де осыған мән беруіміз керек шығар. Уақыт осыны талап етуде. «Нұр Мүбәрак» университеті жанынан шеберлік сыныбын ашып, Діни басқарманың теолог-ғалымдарының жас журналистерге арналған дәрістерін тұрақты өткізіп тұруға болады. Сонымен қатар еліміз бойынша журналистерді даярлайтын іргелі оқу орындарына да осындай сабақтарды жүргізген дұрыс», – деп атап өтті ҚМДБ баспасөз хатшысы А.Қонарбайұлы.

Отырыста сонымен қатар журналистерге арналған әдістемелік оқу-құралы да талқыланды.

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру