Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ІX мәжілісі басталды

27.10.2015 4610 0 пікір

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің кезекті ІX мәжілісі басталды.

Бас мүфти мәжілісте пәтуа шығаруды талап ететін маңызды тақырыптар бойынша ұсыныстарды тыңдады. Ғұламалар қоғамдағы діни өзекті мәселелерді талқылап, құрсақ ана болудың шариғаттағы үкімі, педофилияның үкіміне қатысты пәтуа шығарды.

Үш күнге жалғасатын Ғұламалар кеңесіне ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры, доктор, профессор Шамшәдин Керім, теология ғылымдарының докторы Мұхитдин Исаұлы, теология ғылымдарының докторы Алау Әділбаев және белгілі ғалымдар қатысуда.

ҚМДБ баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру