Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти Өзбекстан өкілін қабылдады

22.10.2015 3943 0 пікір

Қазақстан мәдениет және спорт, ҚР сыртқы істер, ҚР білім және ғылым министрліктері және Атырау облысы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен "Ислам мәдениеті: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларға қарсы тұрудың жолдары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қонаққа келген Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Нұриддинов Джалалатдин Хуснитдинович ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Өтпенов Наурызбай Тағанұлының қабылдауында болды.

Кездесуде екі жақтағы діни ахуал жөнінде әңгіме өрбітіп, екі елдің бауырмалдылығын арттыру мақсатында сұхбат жүрді.

Көршілес елмен байланысты нығайту мақсатында болған кездесуде наиб мүфти Өбекстан діни басқармасынан келген спикерге алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру